Ақмола шахтасындағы оқыс оқиғадан екі адам зардап шекті

4 Наурыз 2021, 16:41
1596
Бөлісу:
Ақмола шахтасындағы оқыс оқиғадан екі адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Айна - ресурс» ЖШС шахтасында тау-кен опырылып түсті. 

Оқыс оқиға кезінде жер астында 2 адам болған. Салдарынан екеуі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Үйіндінің астында 1990 және 1991 жылғы екі ер азаматтың қалып қойғаны хабарланды. Екеуі Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Белгілі болғандай, тау-кен массасы опырылғаны туралы хабарлама құтқарушыларға түнгі сағат 3.00 шамасында түскен.

Ер адамдар ауыр жағдайда 100 метр тереңдіктен табылды. Құтқарушылар тобы келгенше оларды басқа кеншілер құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Оқиға болған жерге жедел жәрдем келіп, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы