Ақмола облысының республикадағы инвестициялық үлесі 4%-ды құрады

21 Қараша 2021, 10:36
939
Бөлісу:
Ақмола облысының республикадағы инвестициялық үлесі 4%-ды құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 403076,3 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-қазандағы деңгейінен 13,2% артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Инвестициялардың республикалық көлемінде Ақмола облысының үлесі 4% құрады. Есепті кезеңде кәсіпорындардың меншікті қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып табылады, олардың көлемі 229932 млн теңгені құрады.

Инвестициялардың жалпы көлемінде бюджеттік қаражаттың үлесі 16,4%, банктердің кредиттері – 12,7%, басқа да қарыз қаражаты – 13,9% құрады.

Шығын түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына 58,3% келеді, машиналар, жабдықтар, көлік, құрал-саймандарды сатып алу және күрделі жөндеуге – 38,6%, өзге де шығындарға – 3,1%, - делінген хабарламада.

Инвестициялардың ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде 45,8% құрады), ауыл, орман және балық шаруашылығына (22,2%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (17,3%) бағытталды. 2021 жылғы қаңтар-қазанда облыс бойынша негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар 358608,3 млн теңге, сыртқы – 44468 млн теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көбеюі 2020 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда облыстың он төрт аудандарында және Степногорск қалалық әкімшілігінде белгіленді. Елеулі өсуі Ақкөл (2,8 есе), Егіндікөл (2,6 есе) және Сандықтау (96,3%-ға) аудандарында байқалды.

Өзгелердің жаңалығы