Бас жаңалықтар
Ақмола облысындағы Жөкей көлінде туризмді дамыту жоспарланып отыр
22 Сәуiр 2021, 08:49 144

Ақмола облысындағы Жөкей көлінде туризмді дамыту жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөкей көліне туристерді тарту жоспарда бар, деп жазады Хабар24. 

Мамандардың айтуынша, Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы айдынның емдік қасиеті мол. Суы таза әрі таяз болғандықтан отбасымен демалуға қолайлы. Көлден балық аулауға да болады. Атпен серуендеп, киелі жерлерге саяхаттау мүмкіндігі бар. Ауданда бірнеше туристік нысан бой көтерген. Экотуризмді дамыту мақсатында киіз үйлер мен шатырлы демалыс орындары салынып жатыр. Жөкей көлі Бурабай ауданына жақын орналасқан. Сондықтан Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Мұндағы туризм жеке инвестициялық жобалар  арқылы дамиды. 

Біздің бағытымыз этноауыл. Яғни біздің демалыс орындарына келген туристер алдымен қазақтың тұрмыс-тіршілігімен, сонан кейін айналадағы киелі жерлермен танысады. Мәселен, Аңғал батыр, Біржан сал және Салық молла кесенелері бар. Ал, келешекте ашық аспан астындағы көне шахта музейін ашамыз. Ол бұрынғы ескі кен орыны. Соны қоршап, ең алғаш алтынның қалай қолмен алынғанын көрсетеміз, – дейді Біржан сал аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Марал Шаужанова.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...