Бас жаңалықтар
Ақмола облысында тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2021, 22:53 430

Ақмола облысында тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы тыл еңбеккерлері əрі еңбек ардагерлері Қазыкен Айтқожина, Владимир Корябкин жəне Қазиз Бұзаукиннің үйлерінде болып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазыкен Жүсіпбекқызы Зеренді ауданы, Троицкое ауылында тұрып, жұмыс істеген. Оның қазіргі байлығы балалары. Ол 11 бала, 35 немере жəне 20 шөбере сүйіп отырған батыр ана.

Ал, Владимир Дмитриевич 10 жыл бойы «Златопольский» кеңшарын басқарып, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.


Сондай-ақ, ол 20 мамырда өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. 12 жасынан бастап еңбекке араласқан. Сегіз баланы тəрбиелеп өсірген.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//