Ақмола облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді
26 Қараша 2021, 17:17 73

Ақмола облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік жылдары өңірде 7 миллион шаршы метр құрылыс салынып, 62 мыңнан астам ақмолалықтың пәтер мәселесі шешілген.

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Биыл да өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Өңірде 72 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 37 жалға берілетін, 33 кредиттік тұрғын үй. Тағы 2 үй Атбасар қаласының су тасқыны қаупі бар аймақтан тұрғындарды көшіру үшін Үкімет резервінің есебінен салынуда, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Жыл соңына дейін тұрғын үй құрылысы саласында 32 үйді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 5 мыңнан астам пәтерді құрайды. Оның ішінде бүгінде 483 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3,5 мың ақмолалық отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Әкімнің айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін облыста 411 жалға берілетін пәтер жоспарланған, оның ішінде 131 пәтер көпбалалы отбасыларға арналған.

7-20-25 тұрғын үйді кредиттеу» бағдарламасына қатысушылар бойынша облыс көшбасшы бестіктер қатарында. Оны іске асыру басталғаннан бері 2 235 өтінім қабылданып, оның ішінде 1 625 отбасы өз баспанасына ие болды, - деп қорытындылады Е.Маржықпаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...