Бас жаңалықтар
Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтілді
16 Қаңтар 2021, 14:29 229

Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусина облыс аумағында Крещение мерекесін атап өту кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қаулы қабылдады. 

Крещение мерекесін атап өту кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитар дәрігер облыс әкімдігі, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері Крещение мерекесін атап өту кезінде карантин шаралардың сақталуын бақылауды тапсырды:

1) Ақмола облысының аумағында «Крещение Господне» діни мерекесін атап өту күні көп адамның шомылуын (10 адамнан астам) ұйымдастыруға және өткізуге жол бермеу;

2) 60 жастан асқан адамдардың шомылуына жол бермеу;

3) шомылу орындарында адамдардың бір-бірімен жақын орналасуына жол бермеу мақсатында келушілердің «кіру мен шығу» аумағын белгілеуді айқындау;

4) 10 адамнан аспайтын киім ауыстыру орындарында келушілер саны бойынша шектеу; 

5) бағыштау және киелі су себу, шомылатын орындарында кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;

6) қол алысуды не тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмау;

7) бағыштау және киелі су себу орындарында, күту және жылынатын пункттерінде (киім ауыстыратын орны бар жылы жайлар, шатыр) бетперде режимін (әр 3 сағат сайын ауыстыра отырып, бір мәрте қолданылатын немесе көп рет қолданылатын бетперделерді міндетті түрде кию), сондай-ақ ҚР БМСД-нің № 67 қаулыға № 4 қосымшаға сәйкес басқа да талаптарды сақтау;

8) халық арасында көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

Қаулының толық нұсқасымен Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтынан beta.egov.kz таныса аласыздар.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...