Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген аққуды атқандар ұсталды

9 Қазан 2021, 10:33
2356
Бөлісу:
Ақмола облысында Қызыл кітапқа енген аққуды атқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қазанда Егіндікөл АПБ кезекші бөліміне аумақтық орман шаруашылығы қызметкерінен телефон хабарламасы келіп түскен. Ол “Жұлдыз” аңшылық шаруашылығы аумағында белгісіз адамның заңсыз аң аулаумен айналысатынын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері 41 және 42 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынын анықтады. 

Оқиға болған жерді тексеру барысында полиция қызметкерлері бір аққу ұшасын, ұсталғандарға тіркелген екі мылтықты, сондай-ақ гильзаларды, 60-тан астам патронды, патронташты тәркіледі. 

Алдын ала есептеулер бойынша, шығын 5 млн 250 мың теңге. 

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша Егіндікөл АПБ тергеу бөлімі ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Сараптама тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы