Ақмола облысында ер адам 18 қап картоп ұрлап кетті

14 Қыркүйек 2021, 19:59
1649
Бөлісу:
Ақмола облысында ер адам 18 қап картоп ұрлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ер адам 18 қап картоп ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz. 

Осы жылдың 8 қыркүйегінде Степногорск қаласының полиция басқармасына 30 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел белгісіз адам анасына тиесілі гараждан 18 қап картоп ұрлап кеткенін хабарлады. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған жәбірленушінің 35 жастағы ағасы болып шықты. 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері азаматтарға кіреберіс есіктерге және қойма үй-жайларының есіктеріне сенімді құлыптар мен бекіткіш құрылғылар орнатуды ұсынады.



Өзгелердің жаңалығы