Ақмола облысында бір тәулікте өрттен екі адам қаза тапты

20 Сәуір 2021, 23:44
1020
Бөлісу:
Ақмола облысында бір тәулікте өрттен екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде екі адам өрттен көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, бүгін Көкшетау қаласының Застанционный кентіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Өрт сөндіру кезінде 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі кезде өртің шығу себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық тергеу тағайындалды.Үй иесінің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді, - деді ведомстводан.

Сонымен бірге сәуірдің 19-нда Бурабай кентінде күзет вагонында өрт шықты.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 арнайы өрт сөнліру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 1955 жылғы күзетшінің денесі табылды, - деп толықтырды ведомстводан.

Осы ретте Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері көп жағдайда өрт адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және немқұрайлылық салдарынан болатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы