Ақмола облысында ауыл балаларына арналған футбол турнирі өтеді

10 Қыркүйек 2021, 18:36
7530
Бөлісу:
Ақмола облысында ауыл балаларына арналған футбол турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ауыл балаларына арналған Sun Finance Cup кезекті футбол турнирі өтеді. Турнир 19 қыркүйек күні басталады. 

Барлығы 8 команда, яғни 100 бала қатысады. Бұл Маңғыстау және Ақтөбе облысынан кейін ұйымдастырылып отырған үшінші аймақтық турнир. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. 

Одан өзге «Үздік бомбардир», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша үздік ойыншылар анықталып, марапатталады. 

Жалпы #ауылфутбол жобасы 2020 жылдың қаңтар айында Алматы облысының Райымбек ауылында басталған болатын. Белгілі журналист, әлеуметтік белсенді Серік Мәмбетов ауыл балалары арасында бұқаралық спортты насихаттауға, оның ішінде футболды дамытуға тікелей бастамашы болып келеді. Жобаның негізгі идеясы - ауылдағы балалар футбол командаларына қолдау білдіру.

Өзгелердің жаңалығы