Ақмола облысында алимент төлемеген 15 борышкердің автокөлігі тәркіленді

20 Наурыз 2021, 06:47
1198
Бөлісу:
Ақмола облысында алимент төлемеген 15 борышкердің автокөлігі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада алимент төлемей жүрген 135 безбүйрек ата-ана жауапкершілікке тартылды. Тек осы жылдың соңғы екі айында ғана облыс бойынша алимент төлеуден жалтарған 85 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, үшеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды,  ал тағы 47 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алимент төлемей, қарыздары қордаланған борышкерлердің автокөліктері және басқа да мүліктерін тәркілеу және тыйым салу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Мәселен жақында 18 жылдан бері алимент төлемей, қарызының сомасы 6 миллион теңгеден асып жығылған борышкердің «Nissan maxima» маркалы автокөлігін тәркіледі, – дейді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жүргізілген тиісті шаралар да нәтижесін беріп, жыл басынан бері алимент бойынша қарыздар сомасы 657 миллион теңгеден 302 миллион теңгеге дейін қысқарған.

Жалпы, жыл басынан бері ғана алимент бойынша қарыздары 20 миллион теңгеден асып кеткен 15 борышкердің автокөліктері тәркіленіп алынған.

Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп алимент төлейтін 42 борышкер тұрақты жұмысқа орналасып, олардың жалақысынан балаларына қаражат ұсталынып жатыр, – дейді облыстық прокуратурадан.

Алимент төлеу мәселесі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болатындығын және қарыздарды өндіру бойынша шаралардың қолданылатынын атап өтті. Аталған бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырылмақ.


Өзгелердің жаңалығы