Ақмола облысында 25 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады

14 Маусым 2021, 20:48
2072
Бөлісу:
Ақмола облысында 25 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 25 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы маусымның 14-де сағат 09:35 кезінде «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» тасжолының 37-шақырамында болған. 

Анықталғандай, «Ауди» көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жүріп келе жатқан «Kaessbohrer Setra» жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан автобуста болған 25 жолаушының жетеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деді ведомство. 

Бүгінде жол-көлік оқиғасына байланысты кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін материалдар сотқа жолданған. 


Өзгелердің жаңалығы