Ақмола облысы жылына 10 тонна алтын өндірмек

22 Қараша 2020, 21:21
1266
Бөлісу:
Ақмола облысы жылына 10 тонна алтын өндірмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Қазақстанда алтын өндірісі бойынша алдыңғы орынға шықты. Елдегі жартылай өңделген алтынның үштен бірін Ақмола облысының компаниялары өндіреді.

Aqmola News сайтының мәліметіне қарағанда, өңір республикада жартылай өңделген алтын өндіру жөнінен көш басына шыққан. 

Шамамен Қазақстанда өндірілетін өнім көлемінің 30 пайызы өндіріледі.

Облыста жуық арада алтын кенін өндіретін жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, Бурабай ауданында RG Gold және Степногорск қаласында Ақсу Technology компаниясының жаңа алтын өндіру фабрикалары пайда болады.

Өндірістік қуаты жылына 11 миллион тоннаға дейін құрамында алтыны бар кен өндіретін кәсіпорындар, шамамен 10 тонна алтын шығаруды жоспарлап отыр. Ал аталған жоба жүзеге асырылса облыста алтын кенін өндірудегі үлесі 38 пайызға дейін артады, – дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасынан.
Өзгелердің жаңалығы