Бас жаңалықтар
Әкішев UFC-дің бұрынғы файтеріне есе жіберді
17 Қаңтар 2021, 04:24 220

Әкішев UFC-дің бұрынғы файтеріне есе жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Нұржан Әкішев (11-1) Сочиде (Ресей) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Brave CF 46 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әкішевтің қарсыласы UFC-де бір жекпе-жек өткізіп үлгерген ресейлік Роман Богатов (10-1) болды. Әкішев пен Богатовтың жеңіл салмақтағы жекпе-жегі жоспарланған үш раундқа созылды. Төрешілер жеңісті ресейлік спортшыға берді - 29-28, 29-28, 30-27.

Осылайша, Роман Богатов ММА-дағы кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді, ал Нұржан Әкішев екінші жеңіліске ұшырады. Сонымен қатар, Brave CF 46 турнирінде қазақстандық Федор Бабич (4-5) те өнер көрсетті. Ол екінші раундта ресейлік Мурад Биларовтан (4-1) нокаутпен жеңіліп қалды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...