Әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауапкершілікті күшейту керек – Президент

16 Қараша 2021, 16:39
1625
Бөлісу:
Әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауапкершілікті күшейту керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Осыған дейін ұрып-соғу мен жеке басқа жеңіл зиян келтіру қылмыстары қылмыстық қылмыс санатынан алынып тасталды. Бұл істердің жылына 700-ден 20 мыңға дейін анықталуына алып келді. Алдын алу шараларын арттыру үшін бұл әкімшілік құқықбұзушылық үшін жауапкершілікті күшейту керек. Қазір менің тапсырмам бойынша Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жеке басқа қарсы жасалатын қылмыстар мен отбасылық зорлық-зомбылық мәселелері жан-жақты зерттеледі, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, бұл жұмыстың қорытындысы бойынша аталған әкімшілік істерді криминалдандыру бойынша нақты шешімге келу керек.
Өзгелердің жаңалығы