Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

13 Маусым 2019, 10:45
3233
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"А.С. Көлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы. Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын" - делінген хабарламада.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов

Туған жылы: 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі: А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, 

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. 

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Өзгелердің жаңалығы