Нұр-Сұлтан әкімі 19 наурыздан бастап қала карантинге жабылатынын ескертті

17 Наурыз 2020, 18:39
1570
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әкімі 19 наурыздан бастап қала карантинге жабылатынын ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин енгізуді ұсындық. 2020 жылдың 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап елорда аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл дегеніңіз шектеу мен бақылау шаралары күшейтілетін болады. Мысалға, автовокзалдарда қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынады, елорда аумағына кіріп-шығатын жерлерде шектеу қойылады. Сонымен барлық осы кіріп-шығатын жерлерде барлық көлік түрлері үшін коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды немесе жұқтырған адамдарды анықтау үшін қосымша пункттер орнатылады, деді қала әкімі. 

Сондай-ақ Алтай Көлгінов карантин мен комендаттық сағатты шатастырмауды сұрады. 

Карантин мен коменданттық сағатты шатастырмауға шақырамыз. Себебі, карантин ол шектеу қою, яғни азаматтар қажет болмаған жағдайда шоғырланған орындарға баруға шектеу қою қажет. Өз-өздеріңізді бірінші тәртіпке шақырамыз және ДСМ нұсқаулығын қатаң ұстануды сұраймыз, - деді елорда әкімі.

Айта кетсек,  коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты қала әкімі мәлімдеме жасап, халыққа түсіндірді.

28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр.

Өзгелердің жаңалығы