Бас жаңалықтар
Әкімдік өзі көрсеткен ауылға жібереді. Депутат мемлекеттік бағдарламаны сынға алды
13 Мамыр 2021, 11:39 1023

Әкімдік өзі көрсеткен ауылға жібереді. Депутат мемлекеттік бағдарламаны сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Әлімжан Құртаев еліміздің оңтүстік өлкесінің тұрғындарын солтүстік аймаққа қоныстандыру жөніндегі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысын сынға алды. 

Депутат палатаның бүгінгі отырысындағы депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. 

Құртаевтың айтуынша, әкімдіктер көбінесе қоныс аударушыларға өмір сүру мен еңбек етуге лайықты жағдай жасамайды.

Көшуге ниет білдірген отбасы қоныс аударушыларды қабылдайтын аудандар туралы барлық ақпаратқа толықтай қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың таңдауы шектеулі болып отыр. Кейбір әкімдік отбасын қалаған ауылға емес, әкімдік өзі көрсеткен ауылға жібереді. Тағы бір мәселе - тұрғын үй мәселесі, - дейді депутат.

Ол кейбір өңірде жаңа жеке тұрғын үйлерді салу жұмыстарымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және үйлерді ресми келісу процесін толық өткізбестен сала береді деп отыр. 

БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, құрылыстың сапасы қойылатын талаптарға жауап бермейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Ол үшін кем дегенде жіберуші және қабылдаушы салаларда Call-орталықтар ашу қажет. Онда қоныс аударушыларға толық ақпарат және олардағы барлық сұраққа жауаптар берілуі тиіс, - деді Әлімжан Құртаев.

Сенатор банк несиелері бар көшіп-қонушыларға 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге несиелік демалыс беруді ұсынып отыр. Бұл көбінесе көшу процесінде туындайтын қарыздардан кейін азаматтарға субсидия беруден бас тартылатын болғандықтан аса маңызды деп санайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, депутат Ақылбек Күрішбаев отырыс барысында кешеуілдетуге болмайтынын, тәуелсіздігімізді жоғалтып отырғанымызды айтқан болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...