Бас жаңалықтар
Әкімдік Ақсуда аусыл тарады деген ақпаратқа жауап берді
04 Қыркүйек 2021, 20:39 153

Әкімдік Ақсуда аусыл тарады деген ақпаратқа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Евгеньевка ауылдық аймағында  аусыл тарап, малдың қырылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

Pavlodarnews.kz. сайтының мәліметіне қарағанда, Ақсу қаласының әкімдігінде мұндай ақпараттың шындыққа сай келмейтінін хабарлады.

Евгеньевкадағы жануарлардың жаппай қырылуы туралы ақпарат жалған. Аусыл диагнозын қою әзірге  ерте. Себебі, бұл ауруға тән клиникалық белгілер  байқалмады. Ірі қара мал ауруының фактілері болған. Болжам бойынша  "пастереллез" диагнозы қойылған, бұған қоса, химиялық улану фактісі де жоққа шығарылмайды. Ветеринарлық мамандар терапевтік шаралар жүргізіп, пастереллезді сарысу қолданылды.   Бүгінде жануарлардың сауығуы байқалады және мал өлімі тіркелген жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ әкімдікте ауылдық округте жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын және эпизоотиялық жағдай бақылауда екенін жеткізді. 

Облыстық ветеринария басқармасы ауылдық аймақта жануарлар шынымен ауруға шалдыққанын, бірақ бұл аусыл емес, пастереллез болуы мүмкін екенін хабарлады.

Сондай-ақ сарапшылар малдың химиялық препаратпен улануы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Ауру жануарларға пастереллез сарысуы енгізілген соң жағдай оңалып келеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...