Әкімдер сайлауы: Ақтөбе облысында 32 мыңнан аса сайлаушы бар

25 Шілде 2021, 10:09
2537
Бөлісу:
Әкімдер сайлауы: Ақтөбе облысында 32 мыңнан аса сайлаушы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирде «Ауылдық округ әкімдерін сайлау» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында Ақтөбе облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева облыста қанша сайлаушы бар екенін айтты.

Оның сөзінше, жергілікті уақытпен сағат 07:00-де сайлау учаскелері ашылды.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 07:15-тегі жағдай бойынша 34 ауылдық округте 74 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпараттар аумақтық сайлау комиссияларының интернет парақшаларында жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00 және сайлаушылардың келуінің қорытындылары туралы ақпарат 20:00-де ұсынылады, - деп атап өтті Гүлнар Күнбаева тікелей эфирде.
Сайлау комиссиясының төрағасы облыста сайлаушылардың жалпы саны 32 117 адамды құрайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша 775 елді мекеннің әкімі тікелей сайлау арқылы анықталады. 

Өзгелердің жаңалығы