Қызылорда облысының әкімі қанша жалақы алады?

18 Қараша 2021, 13:41
2091
Бөлісу:
Қызылорда облысының әкімі қанша жалақы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. 

Оның айтуынша, өңір басшысы екі жыл бойы еңбек демалысына шықпаған.

Менің қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген жалақым – 986 мың теңге. Оған қоса, биылдан бастап 1,9%-ға арттыру туралы шешім қабылданды. Мен бірден еңбек демалысын рәсімдедім. Өйткені екі жыл бойы демалысқа шықпаған едім. Қазір соңғы жалақым 986 мыңды 1,9-ға көбейтсеңіз, шамамен 1 млн 800 мың теңге, - деп жауап берді Гүлшара Әбдіқалықова айлық еңбекақысы туралы қызығушылық танытқан тілші сұрағына.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыр елінің әкімі 10 жылға созылған шыны зауытының құрылысы қашан аяқталатыны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы