10 жылға созылған шыны зауытының құрылысы қашан аяқталады? - Әкім жауап берді

18 Қараша 2021, 13:30
1039
Бөлісу:
10 жылға созылған шыны зауытының құрылысы қашан аяқталады? - Әкім жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. 

Оның айтуынша, зауыт биыл іске қосылуы тиіс.

Жалпы біз шыны зауытының экономикалық маңызы зор екені белгілі. Ия, құрылыс ұзаққа созылып кетті. Бірақ биыл біз инвесторлармен жақсы жұмыс істедік. Нысан құрылысының 80%-ы бітті. Пеш пен балқыту ваннасын жасау жұмыстары ғана қалған еді. Оны орнату жұмыстары да аяқталды. Қазіргі кезде мен әр сенбі сайын зауытқа барып, жұмысты тексеріп жүрмін. Сондықтан зауыттың 95% жұмысы бітті. Енді аула жұмыстары мен ішін-сыртын тазалау қалды. 10 желтоқсанға дейін тәмамдаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ жыл соңына дейін құны 45 млрд теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында жоғарыда аталған шыны зауыты бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыр елі су тапшылығына қарамастан 500 мың тонна күріш жинағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы