АХҚО ұсынып отырған ашықтық ұнады - инвестор

29 Маусым 2020, 15:10
1774
Бөлісу:
АХҚО ұсынып отырған ашықтық ұнады - инвестор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық Азиядағы Кинстеллар тәжірибелік басқарушы серіктесі Джоел Бенджамин онлайн  өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында айтты.

"Астана" халықаралық қаржы орталығына инвестиция құю мүмкіндігі туралы айтып берсем. АХҚО бірқатар бірегей мүмкіндікті ұсынып отыр. Бұл – инвесторларды тарту бойынша үздік платформа. Әртүрлі активтер үшін нақты қандай инвестиция тартқыңыз келеді, осыны шешіп алу керек. Плтаформа британ құқығына негізделген. Ол да инвесторлар үшін артықшылық болып отыр. Сондай-ақ, плтаформа Орталық Азияда орналасқан. Яғни, географиялық орналасқан жері өте ыңғайлы, - деді Джоел Бенджамин.

Оның айтуынша, платформа енді дамып келеді. 

Бізде бірқатар қызықты жоба негізінде жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Барлық мүмкіндік өте тиімді. АХҚО платформасы үнемі жетілдіріліп отырады, жаңашылдықтарды қалт жібермейді. Серіктестердің қалауы да ескеріледі. АХҚО талаптары да барлық инвесторлардың қызығушылығын қамтиды. Бұл процестер ашық түрде жүзеге асырылады, - деді ол. 

Бенджамин салықтық жеңілдіктерге де тоқталды. 

Салықтан түбегейлі босатыласыз деп айта алмаймыз. Алайда жеңілдіктер өте көп. Пайызсыз несие ала аласыз. Бұл мүмкіндіктің барлығымен танысып алған жөн. Біз осы бағытта АХҚО-мен ынтымақтастық орнатқан алғашқы компаниямыз. Бұл бастамаға көп компания күмәнмен қараса, біз оған бірден келістік. АХҚО ұсынып отырған ашықтық ұнады. Бірнеше ай төңірегінде қажетті құжаттарды әзірледік, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы