Ахметжан Есімов «Қашаған» кен орынының жұмысымен танысты

20 Маусым 2019, 11:00
2656
Бөлісу:
Ахметжан  Есімов «Қашаған» кен орынының жұмысымен танысты

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ. Қазақстанның мұнайлы өлкесіне жұмыс сапарымен барған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бірқатар кездесулер өткізді. Ол «Қашаған» кен орнының жұмысымен, полипропилен шығаратын зауыт құрылысымен, сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы бірқатар жобалармен танысты.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ахметжан Есімов «Қашаған» кен орнындағы теңіз кешенінің D аралын аралап, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. 

Ахметжан  Есімов «Қашаған» кен орынының жұмысымен танысты

Бұдан бұрын хабарланғандай, кешенді жөндеу жұмыстарынан кейін «Қашаған» кен орнынан алынатын мұнай көлемі күніне 400 мың баррелге жетіп отыр. 2018 жылдық жоспар 11,3 млн тонна мұнай алу бола тұрып, былтыр кен орнынан 13,2 млн тонна мұнай алынған.

«Kazakhstan Petrochemical Industries» газ-химия кешенін аралаған Ахметжан Есімов менеджмент ауысқаннан кейінгі құрылыс барысына оң бағасын берді. Қазіргі таңда жобаның жүзеге асырылу жылдамдығы 34% құрайды, 2017 жылдың 27 қарашасы мен 2018 жылдың 28 маусымы аралығында жобаның жүзеге асырылу жылдамдығы небары 6% болатын. Қазір зауыттың бас жоспары мен технологиялық сызбасы әзірленген. Жоспар бойынша, жоба құрылысы 2021 жылдың ортасына қарай толық аяқталады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Ахметжан  Есімов «Қашаған» кен орынының жұмысымен танысты

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен кездесіп, қордың компаниялар тобымен арадағы өзара ынтымақтастық туралы кеңесін өткізді. Екі тарап қазіргі іс-қимылдар мен өңірдегі жобалардың, соның ішінде қайырымдылыққа қатысты жобалардың даму болашағын талқылады. 

Айта кетейік, Маңғыстау облысы бюджетінің 38%-дан астамын қалыптастырып отырған қордың портфельді компаниялары.



Өзгелердің жаңалығы