Ахметжан Есімов «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға барды

2 Шілде 2019, 09:09
2095
Бөлісу:
Ахметжан Есімов «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға барды

Алматы облысы, BAQ.KZ. Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА нысандары мен оның ағымдағы қызметімен танысты.

Қор басшысы «Хоргос» көліктік-логистикалық хаб аумағында орналасқан жалпы көлемі 3010 ш.м. болатын «Қазпошта» АҚ-ның кеден қоймасымен танысты. Қойма әуе жеткізу мерзімін 2-3 күнге және көлік жеткізі мерзімін 7-12 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ пошта операторына серіктестер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бүгінде «Қазпошта» АҚ инфрақұрылымын Clevy, «OBORCloud Network Technology Co., Ltd» компаниялармен және басқа да қытайлық логистикалық компаниялармен келісімге қол жеткізді.

Сонымен қатар, қытайлық серіктестер осы жылдың соңына дейін Қазақстан арқылы 400 тоннадан астам тауар жіберіге дайын. Қойма Қытайдан Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдеріне жіберілетін транзиттік жүктерді өңдеуге арналған. Қойманың өндірістік қуаттылыға тәулігіне 15-20 тонна, ал сыйымдылығы 58 тоннаны құрайды.

Сондай-ақ, Қор басшысы Құрғақ порт пен «Заря Ltd» ЖШС астық терминалына барды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңделген контейнерлердің көлемі 2017жылмен салыстырғанда 39 %-ға артып, 133 мыңнан астам ЖФЭ ( жиырма фунттық эквивалент) құрайды.

Айта кеткен жөн, Алтынкөл шекаралық бекетінің логистикалық инфрақұрылымын, «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭА-ның құрғақ портын, Ақтау теңіз портын белсенді пайдалану осы бағытты және бүкіл аймақты дамыту үшін барынша мультипликативтік әсер алуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Қордың қолауымен Ақтау  теңіз портынан Қазақстанның алғашқы «Түркістан» фидерлік кемесі Баку портына жол тартты.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов АЭА аумағында жаңа нысандарды іске қосу жоспараларымен танысты.  2019 жылдың соңына дейін АЭА-да төрт жаңа зауыт ашылады. 2025 жылға дейін жалпы құны 421 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады.
Өзгелердің жаңалығы