Бас жаңалықтар
Актер Әділ Ахметов елорданы Нұр-Сұлтан атауды қолдайды
22 Наурыз 2019, 14:42 658

Актер Әділ Ахметов елорданы Нұр-Сұлтан атауды қолдайды

Астана, BAQ.KZ Қазақ театр және кино өнерінің танымал жұлдызы Әділ Ахметов Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындығын мәлімдеді.

«Қазақстан тәуелсіздік жариялаған тұста тоқырап тұрсақ, небəрі ширек ғасырдан астам уақытта ең дамыған, кедейлік пен сауатсыздық жойылған, өз шекарасы, өз Астанасы бар дамыған елге айналдық. Өзге мемлекеттер қызыға қарайтын, дипломатиялық қатынас орнатуға асық болатын мемлекет құрған болсақ, бұл Тұңғыш Президентіміздің арқасы. Осы ретте халық боп қолдап отырған Астана қаласының есімін Нұрсұлтан қылып өзгерту туралы ұсынысқа менде қолдау көрсетемін», - деді Ә. Ахметов.

Актердің айтуынша, бұл тарихта таңбаланар, үлкен оқиға деп білемін. Тек біз ғана емес, біздің болашақ ұрпақтардың да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған қаласы екенін біліп, тарихты танып өскенін құптағанымыз жөн.

Айта кетейік, Астана қаласы мәслихаты депутаттары кезектен тыс сессия барысында Мемлекет басшысының Қазақстан астанасын Нұр-Сұлтан етіп қайта атау туралы бастамасын қолдады.

Загрузка...