«Ақбидай». Аударыспақтың жеңімпаздары анықталды
18 Қазан 2021, 16:20 5174

«Ақбидай». Аударыспақтың жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтау қаласында «Ақ бидай» республикалық VІІ ауыл спорт ойындары өтіп жатыр.

Еліміздің 14 облысынан келген 2 мыңнан астам спортшы спорттың 14 түрінен мықтыларды анықтайды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында ұлттық және бұқаралық спортты дамыту мақсатында төрт жылда бір рет өткізілетін ойындарда тек әуесқойлар бақ сынайды.

10-20 қазан аралығында Түбекті дүбірге толтырған додада «не бір сен тұр, мен айтайын» деген саңлақтар сынға түсіп жатыр.

Ат үстінде алысып, ақ білекті салысып, кім мықтыны анықтар аударыспақ спортында 8 салмақ дәрежесі бойынша 120-дан астам спортшы бақ сынады.

57 келі салмақта:

І орын – Құралбай Ермек (Түркістан облысы)

ІІ орын – Құнанбаев Руслан (ШҚО)

ІІІ орын – Бердімұратов Айболат (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын – Ғаббасов Оралхан (БҚО)

62 келі салмақта:

І орын – Мұзарап Диасқожа (Қызылорда облысы)

ІІ орын – Серғазин Азамат (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын – Аманжол Абай (Ақмола облысы)

ІІІ орын – Аронов Бейбіт (БҚО)

68 келі салмақта:

І орын – Ержанов Шыңғысхан (Ақтөбе облысы)

ІІ орын – Елеусіз Жандос (Алматы облысы)

ІІІ орын – Өткелбай Дарын (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Тайжанов Ерқанат (Қарағанды облысы)

74 келі салмақта:

І орын – Ләтіпбек Алмат (Түркістан облысы)

ІІ орын – Төребек Балтабек (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын – Ережепбаев Дәулет (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Ағайдар Дәулет (Қызылорда облысы)

82 келі салмақта:

І орын – Ғалел Рамазан (Ақтөбе облысы)

ІІ орын – Амзеев Нұржігіт (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Ислямов Кенжебек (Ақмола облысы)

ІІІ орын – Айтбай Жасұлан (Түркістан облысы)

91 келі салмақта:

І орын – Сүйеубаев Алтай (Ақтөбе облысы)

ІІ орын – Рахматіллә Есімхан (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Махамбетов Қайсар (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Тезекбаев Мұратәлі (Алматы облысы)

100 келі салмақта:

І орын – Ізбасаров Сырым (Түркістан облысы)

ІІ орын – Құсаинов Мейірбек (Атырау облысы)

ІІІ орын – Сағынбаев Арман (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын – Ынтызарбеков Сәбден (Жамбыл облысы)

100 келіден жоғары салмақта:

І орын – Қосалиев Біржан (Түркістан облысы)

ІІ орын – Оразбаев Нұртілек (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын – Оспанов Ораз (Қызылорда облысы)

ІІІ орын – Тимофеев Виктор (СҚО)


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...