Академиялық есу: қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды

7 Мамыр 2021, 07:45
1717
Бөлісу:
Академиялық есу: қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда академиялық есуден Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды. Азия аймақтық іріктеу турниріне Қазақстан командасы да қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында Владислав Яковлев, әйелдер арасындағы жекелей сында Светлана Германович жартылай финалға жолдама алды.

Ал жұптық сында Анастас Шашков пен Александр Афансьев финалдық кезеңге өтті. Олар өз тобында төртінші орын алып, қосымша мүмкіндік арқылы ақтық сынға қатысу құқығын алды.

Олимпиадаға іріктеу турнирі 7 мамырда аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы