Түркістанда Басқару академиясының филиалы ашылды

31 Қаңтар 2019, 19:42
4224
Бөлісу:
 Түркістанда Басқару академиясының филиалы ашылды

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Түркістанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалы өз жұмысын бастады.

2019 жылдың 28 қаңтарында Түркістан қаласында өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді тұрақты түрде қайта даярлау мен біліктілігін арттыруын қамтамасыз ететін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы тұңғыш рет өз жұмысын бастады.

Алғашқы оқу маусымын бастаған оқу орталығында облыс, аудан және қала әкімдіктерінен келген алғашқы тыңдаушыларға дәрісті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ.Асанұлы оқыды.

Сонымен қатар, оқу ордасында тыңдаушы мемлекеттік қызметшілерге филиалдың директоры Ж.Момынкулов пен Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Шынтаевтың дәрістері өтті.

Айта кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап оқу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізген жаңа оқу орталығында 2019 жылы облыс әкімдігінің, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандарының және аумақтық мемлекеттік органдарының жалпы саны 1000 астам қызметшін оқыту жоспарлануда.
Өзгелердің жаңалығы