«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттарын ұсынды

12 Қаңтар 2021, 14:44
1226
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттарын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» демократиялық партиясы 10 қаңтарда өткен Мәжіліс сайлауында 10,95 дауыс жинағаны белгілі. Бұл Мәжілістің 12 мандаты деген сөз.

Бүгін, 12 қаңтарда өткен Орталық Кеңесі партияның Мәжіліс депутаттарын ұсынды.

Олар: Азат Перуашев, Қазыбек Иса, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Дания Еспаева, Азамат Әбілдаев, Айгүл Жұмабаева, Андрей Линник, Серікбай Ерубаев, Мақсат Раманқұлов, Ерлік Өмірғали, Азат Сембинов.

Депутаттыққа ұсынылғандар ішінен Қазыбек Иса сөз сөйледі.

«Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесі шешімі Орталық Сайлау комиссиясына жіберілді.


Өзгелердің жаңалығы