Бас жаңалықтар
АІВА президентінің сайлауы желтоқсан айына жоспарланды
21 Мамыр 2020, 05:26 37

АІВА президентінің сайлауы желтоқсан айына жоспарланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-13 желтоқсан күндері Халықаралық бокс қауымдастығының жаңа президенті сайланады. 

Бұған дейін президент сайлауын 20 маусымда өткізу жоспарланған. Алайда, індетке байланысты жаңа мерзім бекітілді. 

Әзірге АІВА президентінің міндетін Мохамед Мустахане уақытша атқарып отыр. 

Айта кетелік, АІВА Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін өткізу құқығынан айырылған болатын. Бокстан Аммандағы іріктеу бәсекесін Халықаралық Олимпиада комитеті өткізді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...