Airbus ең үлкен жолаушылар ұшағын шығаруды тоқтатты

14 Ақпан 2019, 16:48
2401
Бөлісу:
Airbus ең үлкен жолаушылар ұшағын шығаруды тоқтатты

Алматы, BAQ.KZ. Airbus Еуропалық корпорациясы әлемдегі ең үлкен сериялы Airbus A380 әуе кемесін өндіруді тоқтату шешімін қабылдады, оларды жеткізу 2021 жылы түбегейлі тоқтайды.

Әуе концерннің бас директоры Томас Эндерс мұндай қадамға неліктен барып отырғанын түсіндірді. 

«БАӘ-нің Emirates компаниясы тапсырыс берген ұшақтардың санын 162-ден 123 дейін төмендетті. Нәтижесінде Airbus-тің орындамаған тапсырысы қалмады, сондықтан өндірісті ары қарай жалғастыруда еш мән жоқ. 2021 жылы  А380 тапсырыстарын жеткізу түгелдей тоқтайды»,-деді ол.

Сондай-ақ ол, алдағы екі жылда Emirates A380-нен тағы 14 лайнер алатынын жеткізді. Оның үстіне бұл ұшақтарға техникалық қолдау көрсетіп отырады.

«А380 ұшақтары әлі талай рет көкке көтерілетінін ұмытпаңыздар және Airbus A380 операторларына толықтай қолдау көрсетіп отырады»,-деді Эндерс.

Airbus A380 – бұл әлемдегі ең ірі сериялық жолаушылар әуе кемесі. Оның алғашқы нұсқасына 853 жолаушы сияды, жоғары ұшу массасы 575 тонна, қанаттарының ұзындығы 79,7 м.
Өзгелердің жаңалығы