Air Astana жетекші аймақтық әуекомпания атанды

3 Сәуір 2019, 11:37
1469
Бөлісу:
Air Astana жетекші аймақтық әуекомпания атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» санатының және «Азиядағы жолаушы жайлылығы» санатының жеңімпазы деп мойындады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығын, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады.

«Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады және «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына қуаныштымыз. TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан кейінгі қолдауына сенімдімін», - деді компания президенті Питер Фостер.

Үздік тасымалдаушылар 2018 жылы iшінде әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

Бұған дейін әлемдегі ең үздік әуекомпаниялар рейтингінде сингапурлық Singapore Airlines көш бастағаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы