Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды

25 Қыркүйек 2020, 19:19
1161
Бөлісу:
Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсі Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына шұғыл қонған.

2020 жылғы 25 қыркүйекте «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190) Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшу кезінде диспетчерлерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына қону туралы хабарлады. Отырғызу 17.51-де Шымкент қаласының әуежайында сәтті жүргізілді, – делінген хабарламада.

Әуе компанияның алдын ала мәліметтері бойынша, техникалық себеп: техникалық бөлікте түтін дабылының іске қосылуы.

Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуеайлаққа кетуге шешім қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы