Air Astana ұшағы Ақтау әуежайына шұғыл қонды

4 Ақпан 2019, 10:38
2201
Бөлісу:
Air Astana ұшағы Ақтау әуежайына шұғыл қонды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдан Стамбулға ұшқан Air Astana компаниясының ұшағы халықаралық Ақтау әуежайына шұғыл қонған. Бұл туралы lada.kz хабарлайды.


Air Astana компаниясының мәліметіне сәйкес, ұшақ Ақтауға 2-ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 20:44 қонған. Оған ұшақтағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінуі себеп болған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 21:30-да ұшақ Стамбұлға жеткен.
Өзгелердің жаңалығы