Air Astana Алматы-Мумбай жаңа рейсін іске қосады

13 Ақпан 2020, 21:17
1103
Бөлісу:
Air Astana Алматы-Мумбай жаңа рейсін іске қосады

Алматы, BAQ.KZ. Air Astana әуекомпаниясы 2020 жылдың 1 масымынан бастап Алматы-Мумбай тұрақты рейсін іске қоспақ. Бұл туралы әуекомпанияның  баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстердің барлығында Airbus A320 ұшағы қолданылады және аптаның дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.

Ұшу уақыты 4,5 сағатты құрайды. Компанияның сайтында әуебилеттерін брондау қазірден жүріп жатыр.

Мумбай қаласы аталған әуекомпаниясы үшін Үндістанға тұрақты қатынайтын екінші қала болмақ. 

Air Astana 2004 жылдан бері Үндістан астанасы Делиге қатынауды тұрақты етіп қойған.
 

Өзгелердің жаңалығы