Аида Балаева: Ол еліміздің даму бағытын ұзақ жылдарға белгілеп берді

20 Наурыз 2019, 10:40
2528
Бөлісу:
Аида Балаева: Ол еліміздің даму бағытын ұзақ жылдарға белгілеп берді

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Елбасының Президенттік өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Маңызды оқиғалар әр кезде аяқ астынан болып жатады! Әрбір адам өмірінің белгілі бір кезеңін осындай тағдыршешті сәтте ғана бағамдайтын болуы керек. Тағдырымыздағы Мемлекет басшысының орны жөнінде ойлана отырып, бүгінгі таңда әрқайсымыз осындай сәтті бастан кештік. Өмірдің осындай кезеңдерінде Елбасының жолында кездескен қиын жағдайларды еске түсіріп, сол кездегі көңіл-күйді қайта бастан кешіргендей боласың", - дейді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аида Балаева Елбасының елі үшін өмір сүріп келе жатқанын айтады.

"Мемлекеттің болашағы, ел тағдырына қатысты тарихи шешімдер қабылданған сәттерді еске түсіргенде, Елбасының ауыр, әрі ұзақ жұмыс кестесін ойлағанда ғана оның біз үшін өмір сүргенін түсінеміз. Біздің шаршауымыз бен алаңдауымыз Мемлекет басшысының жүктемесімен салыстырғанда түкке тұрғысыз. Ұлт көшбасшысы осы жылдары аса күрделі кезеңде теңдікті сақтап, қиыншылық пен сынақтарды еңсере отырып, біздің әрқайсымыз үшін аса ауыр жауапкершілік жүгін арқалап келді. Өзінің данышпандығы және көрегендігімен ол еліміздің даму бағытын ұзақ жылдарға белгілеп берді, соның арқасында біз болашағымыз үшін алаңдамаймыз", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол өзінің Елбасы идеяларын адал болатынын жеткізді.

"Бүгінгі мәлімдемесі де оның ұлылығын және көрегендігін тағы да айқындай түседі. Осындай сәттерде де Президент ел болашағын ойлайды. Сондықтан мен Елбасының идеяларына, Қазақстанның өсіп, өркендеуі үшін айқындаған бағытына адал боламын! Елбасы маңызды стратегиялық лауазымдарда қала отырып, айқындалған бағыттың сақталуына кепіл болатындығы маған сенімділік сыйлайды. Біздің міндетіміз - бірлікті сақтап, Тұңғыш Президент - Қазақстанның Тәуелсіздігінің негізін қалаушы ісін жауапкершілікпен жалғастыру. Бұл менің Президентім! Бұл менің Елбасым!!!", - деп жазды Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігінен бас тартатыны туралы мәлімдеме жасап, орнына Қасым-Жомарт Тоқаевты қойған болатын.


Өзгелердің жаңалығы