Аида Балаева: Әріптестерімнің тезірек сауығып, ұжымға қайта оралуына тілектеспін

29 Маусым 2020, 12:51
1315
Бөлісу:
Аида Балаева: Әріптестерімнің тезірек сауығып, ұжымға қайта оралуына тілектеспін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен  халықпен есептік кездесудің қорытындысына арналған брифинг кезінде коронавирус індетін жұқтырған журналистердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Қазір барлығымызға қиын кезең. Сондықтан, қандай да бір баға беру қиын, дегенмен, күні кеше ғана бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде журналистердің осы саладағы рөлін атап өттік. Қазіргі таңда дәрігер, полицейлермен бірге шынайы ақпарат тек осы БАҚ қызметкерлері арқасында халыққа жетіп отыр. Ешкімді бөліп-жармаймын, мемлекеттік, жекеменшік арналар да, түрлі газеттер арқылы халық шынайы ақпаратты біліп отыр. Сондықтан, журналистердің еңбегі орасан. Өкінішке қарай, ақпарат жинаймыз деп жүріп, бірқатар журналист осы індетті жұқтырып алды. Әріптестерімнің тезірек сауығып, ұжымға қайта оралуына тілектеспін, - деді министр. 

Министр, сонымен қатар, вирустың таралмауына әр адам өз үлесін қоса алатынын ескертті. Оның айтуынша, әрбір азамат өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезініп, дәрігерлер ұсынған 5 қағиданы ұстанса, бұл індетті еңсеруге болады.

Өзгелердің жаңалығы