Бас жаңалықтар
Ағзада темір жетіспеушілігінің себебі неде?
17 Қаңтар 2021, 16:33 344

Ағзада темір жетіспеушілігінің себебі неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адам ағзасындағы темір жетіспеушілік асқазан ішек жолдарының бұзылуына әкеліп соғады. 

Бұл туралы «Говорит Москва» сайтына берген сұқбатында дәрігер-гематолог Сергей Захаров айтып берді. 

Мысалы адамның асқазан ішек жолдарының бір сырқаты болуы мүмкін. Асқазан эрозиясына алып келген гастрит делік. Кез келген эрозия қан жоғалтуға әкеліп соғады. Тіпті адам эрозия салдарынан күніне бір тамшы қаннан жоғалтса да, оның салдары темір тапшылығына әкеліп соғады, - деп түсіндірді дәрігер.

Маманның айтуынша, ағзадағы темір тапшылығына гемморой, гастрит, ішек обыры сияқты дерт те себеп болуы мүмкін.

Егер қан құрамындағы темір азайып кетсе, оны тағам, дәрумен көмегімен ғана көтеруге тырысу жеткіліксіз. Оның себебін анықтау көптеген ауыр дерттің алдын алуға негіз болады, - дейді дәрігер.


Фото: дереккөз
Загрузка...