Қазақ агротехникалық университеті Еуропалық Одақтың грантын жеңіп алды

29 Қаңтар 2019, 16:24
3689
Бөлісу:
Қазақ агротехникалық университеті Еуропалық Одақтың грантын жеңіп алды

Астана, BAQ.KZ.Астанадағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті Еуропалық Одақтың нақты ауыл шаруашылығы бойынша оқу бағдарламаларын жаңғырту жөніндегі грантын жеңіп алды. Бұл туралы университет ректоры Ақылбек Күрішбаев өзінің Фейсбук парақшасына жазды.


«Университет өз тарихында алғаш рет Еуропалық одақтың заманауи технологияны қолдану арқылы нақты ауыл шаруашылығы бойынша оқу бағдарламаларын жаңғырту жөніндегі грантын жеңіп алды. Әрине, біз бұған дейін де көптеген халықаралық жобаға қатыстық, бірақ, қосымша орындаушы ретінде. Ендігі жерде біздің университет Еуропалық Одақтың жобасында басты болып табылады, яғни жобаны өзіміз басқарып, оған бөлінген қаржыны өзіміз реттейтін боламыз», - деп жазды аталған ЖОО-ның ректоры.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығына арналған гранттың қосымша орындаушылары Германия, Чехия, Болгария, Өзбекстан және Түрікменстан елінің университеттері. Сондай-ақ, А.Күрішбаев елімізде ғылымға арналған гранттарға байқау өткізуде Еуропа комиссиясының тәжірибесін үйрену керектігін айтып өтті.
Өзгелердің жаңалығы