Бас жаңалықтар
«Agrimer-Astyk» экспорт көлемін арттыруда
PHOTO
28 Қыркүйек 2020, 10:40 172

«Agrimer-Astyk» экспорт көлемін арттыруда

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы «Agrimer-Astyk» кәсіпорны мемлекет қолдауының арқасында өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуетін арттыруда.

Биыл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнесті жеңілдікпен несиелендірудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының кәсіпорындарына 6,6 млрд теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетті. Олардың қатарында «Agrimer-Astyk» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі де бар. 

2003 жылы құрылған кәсіпорын астықты кептіру, тазалау, сақтау, жұмсақ және қатты бидайды қайта өңдеумен айналысады. 2010 жылы майлы дақылдарды қайта өңдеу, 2012 жылы соя экструдатын өндіру, 2018 жылы семолин өндіру зауыттары іске қосылды. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, диірмен кешенінің құрылысы және қатты бидай мен семолин сұрыптарын қайта өңдеу үшін қаржыландырылды, - дейді «Agrimer-Astyk» ЖШС директоры Николай Казак. 

Кәсіпорынның негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, жөнелту, сапасын талдау және қайта өңдеу. 


Бізде ұн және майлы дақылдар экспортталады. Жеткізу географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Өнімдерді Англия, Швеция, Украина, Қытай, Норвегияға жеткіземіз. Солтүстік аймақты да қамтимыз. Құс және мал шаруашылығында жемшөп қоспаларын қолданатын кәсіпорындар серіктестеріміз. Өнімнің 90%-ы экспортқа шығарылады және 10%-ы ішкі нарықты қамтиды. Семолина ұны премиум макарон өндірісі үшін шикізат түрінде экспортталады. Қазақстанда біз бидайдың қатты сұрыптарын өңдеумен айналысатын үшінші кәсіпорынбыз. Алдағы уақытта макарон зауытын салу жоспарда бар. Мұнда макарон өнімдерінің барлық ассортименті ұсынылатын болады, - дейді кәсіпорын директоры. 

Холдинг активінде жоғары сапалы шикізат беретін 14 нан кәсіпорны жұмыс істейді.


Логистикалық мақсат үшін компанияға астық таситын 600 көлік пен 45 цистерна сатып алынды. Алдағы уақытта жабық вагондар сатып алу мәселесі шешілуде. Украиналық вагонның құны шамамен 85 мың долларды құрайды. Шын мәнінде, тауарды жеткізу мәселесін өз бетімізше шешуге тырысамыз. Егер санитарлық нормаларға сәйкес келсе, кез келген аймақтан астық қабылдауға әзірміз. Биыл пандемияға қарамастан кәсіпорын өз қызметін тоқтатқан жоқ. Қазіргі уақытта жаңа өнімді қабылдаудамыз. Сапа көрсеткіштері барлық стандарттарға сәйкес келеді. Глютен, ақуыз және табиғи салмақ бойынша мәселе туындаған жоқ, - деп түсіндірді Николай Казак. 

Диірмен бастығы Максим Белоусов диірмен кешенінің заманауи құралдармен толық жабдықталғанын айтады. 


Астықты өңдеу үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен бөгде қоспалардан тазарту процесі жүзеге асырылады, астық белгілі бір күйге жеткенде ылғалданады, содан кейін ұнтақталады. Дайын өнім қаптама бөліміне түседі. Бізде 25, 50 және 1000 килограмға дейін қаптау мүмкіндігі бар. Диірмен толығымен автоматты режимде жұмыс істейді. Операторлар барлық процесті компьютер арқылы бақылайды. Датчиктер монитор экранында астық беру деңгейін, қателіктер мен техникалық ақауларды көрсетеді, - дейді маман. 
Кәсіпорын директоры «Agrimer-Astyk» ЖШС мұнай өнімдерін тұтынатындықтан, компанияға арзан дизель отынын бөлуі үшін тауар өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын пайдалана алатынын атап өтті. 
Мұның бәрі қызметтер мен тауарлардың өзіндік құнына әсер етеді. Біз өндіріске инновациялық технологияларды енгізіп, кәсіпорынды жаңғыртамыз, көп қаражат салып инвестиция тартамыз. Осының барлығы мемлекет тарапынан тиімді қолдаудың арқасында жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді Николай Казак.


Фото: автордан
Загрузка...