Аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалым Рахымжан Елешев өмірден өтті

5 Қыркүйек 2021, 22:25
2161
Бөлісу:
Аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалым Рахымжан Елешев өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалым, ұлағатты ұстаз Рахымжан Елешұлы Елешев өмірден өтті, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Алпыс жылдан астам уақыт Қазақстанның ауылшаруашылығы ғылымын өркендетуге үлес қосқан, талай еліміздің ғалым жастарын тәрбиелеген, Рахымжан ағамыздың қайтыс болуына байланысты, отбасы мен тума-туысқандарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын. Марқұмның жаны жәннатта болсын!, - деп көңіл айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы