"Аграрлық несие корпорациясы" басқарушы директоры алаяқтыққа қатысты күдікке ілінді

13 Қараша 2019, 21:34
2630
Бөлісу:
"Аграрлық несие корпорациясы" басқарушы директоры алаяқтыққа қатысты күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілсе де өз құзыретіне кірмейтін шешімді қабылдағаны – Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік элеваторды сату-сатып алу келісімшартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы "Интер-Агро" және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені иемденіп кеткен.  

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр. 

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы