Бас жаңалықтар
Аграрийлерге берілетін несие шарттары жеңілдетіледі
09 Тамыз 2019, 14:38 817

Аграрийлерге берілетін несие шарттары жеңілдетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАгро» холдингі реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 15.07.2019 жылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде «ҚазАгро» холдингі» ҰБХ» АҚ қызметінің тиімділігін реформалау және арттыру жөніндегі шаралар кешені қаралып, мақұлданды, сондай-ақ оның басшылығына нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, біріншіден, ҚазАгроны, оның еншілес компанияларының санын қысқарту, олардың арасында функциялардың қайталануын болдырмай, олардың функционалы бойынша нақты ара-жігін ажырату арқылы ықшам холдингке айналдыру бойыншажұмыстар жүргізіледі.

Холдингтің басқару органдарына шетелдік сарапшылар тартылады. Штатты оңтайландыру және холдингтің операциялық шығыстарын қысқарту жөніндегі жұмыстар жалғасады. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несие беру процесін барынша автоматтандыру және несие өтінімдерін қарау уақытын қысқарту жүргізіледі.

Бүгінде ҚазАгро басшылығы Үкіметті еңбек өнімділігін және АӨК өнімін экспорттауды арттыруға, жеке инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ ауылда жаңа бизнес бастамаларды дамытуға бағытталған 10 жылдық кезеңге арналған холдинг стратегиясының жобасын әзірлеу туралы хабардар етті.

Несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрған жобаларды сауықтыру бойынша шаралар пакеті қабылданды.

«Реформалар нәтижесінде холдинг қысқа мерзімде ықшам және тиімді қаржы институтына айналады. ҚазАгро өз қызметінің нәтижелілігін арттыруды және 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды жоспарлап отыр», - деп сендірді ҚазАгро мамандары.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...