Ағайындылар анасының көз алдында қаза болды

10 Қазан 2019, 09:29
3968
Бөлісу:
Ағайындылар анасының көз алдында қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 74 жастағы зейнеткер жол бойында сынып тұрған көлікті қағып кетіп, салдарынан бір үйдің 2 адамы мерт болды.

КТК телеарнасының деректеріне сүйенсек, Павлодар-Қызылорда тас жолының жиегінде екі туған ағайынды әкесімен бірге мәшиненің дөңгелегін ауыстырып жатқан. Сол сәтте оларды Ленинский ауылының тұрғыны көлігімен қағып кеткен. 

Ағайынды Бауыржан мен Ерлан оқиға орнында жан тапсырған, ал олардың әкелері бірнеше ай бойы ауруханада қимыл-қозғалыссыз жатыр. Жантүршігерлік апат 33 жастағы Бауыржан мен 27 жастағы Ерланның аналарының көз алдында болған.

Қайғылы оқиға осы жылдың шілдесінде болды. Зардап шеккендердің бірі - Қызылжар ауылының 63 жастағы тұрғыны ұзақ уақыттан бері екі ұлының өлімі туралы білмеген. Туыстары ақсақалдың қорқынышты жаңалықты көтере алмайтынынан қорқып, айтпай келіпті. 

"Павлодардың №2 қалалық соты аталған қылмыстық істі қарауды бастады. Айыптау қорытындысын оқу барысында прокурор Әлімжан Шүкенов шетелдік көліктің 74 жастағы жүргізушісі жылдамдықты едәуір асырғанын және соқтығысуды болдырмауға болатындығын атап өтті", - делінген хабарламада. 

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, бірақ моральдық және материалдық залалды өтеу туралы 25 млн теңге көлеміндегі талап арызбен келіспеді.


Өзгелердің жаңалығы