Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде қарсыласын жеңді

10 Қазан 2021, 10:07
1191
Бөлісу:
Агапова UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде қарсыласын жеңді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 39 турнирінде ол колумбиялық Сабина Мазоны жеңді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

24 жастағы спортшы қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. 

Жекпе-жек бойы екі файтер де белсенді болып, шабуылдауға тырысты. Бірақ басымдық қазақстандық спортшыда болды. Үшінші раундта Мазо жекпе-жекті белсенді өткізеді бастады, Бірақ Мария да сәті келгенде шабуыл жасап тұрды. Агапованың бір соққысы қарсыласқа дөп тиіп, Сабина нокдаунға түсті. Артынша қазақстандық спортшы қылқындыру әдісін жасап, жеңіске жетті. 


Еске салайық, бұл Агапованың әлемдегі промоушендегі үшінші жекпе-жегі болды. Кейінгі рет октагонға 2020 жылы тамызда шығып, америкалық Шэна Добсоннан техникалық нокаутпен жеңілген. Сол кездесуден екі ай бұрын UFC-де дебютін өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті жеңген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы