Адвокат Бишімбаевтің бостандыққа қалай шыққанын айтты

11 Қазан 2019, 15:58
2702
Бөлісу:
Адвокат Бишімбаевтің бостандыққа қалай шыққанын айтты
Фото: facebook.com/Куандык Бишимбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бишімбаев түрмеден босап шықты. Үкім Шымкент қаласының Абай аудандық сотында 25 қыркүйек күні жарияланды. 

Бір жарым жыл түрмеде отырған соң, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев шартты түрде түрмеден босатылды. Бұл туралы оның қорғаушысы Мәди Мырзағараев хабарлады.

Үкім 11 қазанда өз күшіне енді. Бишімбаев бүгін босатылды.

«Бүгінгі таңда оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа жүгінуге толықтай құқығы бар. Бізде заңға жаңадан өзгерістер енгізілген. Кейде кейбір категорияның (қылмыстардың) басқа санатқа ауысуы орын алады. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулерге байланысты, оны шартты түрде мерзімінен бұрын босата алады дегенді білдіреді», - деді Бишімбаевтің адвокаты.

Бұдан бұрын әлеуметтік желі қолданушылары босатылған Бишімбаевтың суретін таратқан болатын.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың қаңтарында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерімен ұсталған. Аса шулы іс бойынша сот тергеуі төрт айдан астам уақытқа созылып, үкімді 2018 жылдың наурызында шығарды. Ол 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол мемлекеттік қаражатты жымқыру және бірнеше рет пара алу дерегі бойынша айыпты деп танылды.

Тамыз айында Бишімбаевты Нұр-Сұлтаннан әлдеқайда қауіпсіз деп танылған Леңгір қаласындағы қоныс-колониясына ауыстырған.

Өзгелердің жаңалығы