Қадір түні қабыл болатын дұғалар

19 Мамыр 2020, 20:35
5020
Бөлісу:
Қадір түні қабыл болатын дұғалар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ислам ғұлмалары: "Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады", деген.

Алла тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.

Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға

"Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын". (Муслим)

"Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина".

Алладан бала-шағаңызға және отбасыңызға  бәле-жаладан, қауіп қатерден қорған сұрайтын дұға.

Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорқыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ астымнан кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын! (Әбу Дауд, Насаи)

"Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фид-дуня уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фи дини уә дуня-я, уә әһли, уә мәәли. Аллаһуммас-тур ъаураати уә әәмин рауъаати. Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәяя, уә мин халфи, уә ъан ямини уә ъан шимәәли, уә мин фәуқи, уә әъуузу би ъазамәтикә ән уғтәәлә мин тәхти".

Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?" ‒ деп сұрайды. Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

"Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!, деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким).

"Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни".

Алладан күнә-қателіктеріңізге кешірім сұрау дұғасы

"Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!». (Бухари, Муслим)

"Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!"

Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға

"Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын". (Бухари)

"Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл".

Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну

Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бухари, Әдәбул Муфрад)

"Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт".

Хаким Анастан келген рияуатта Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  былай деген: "Алла Тағала айтыпты: "(Иə) Адам баласы, сен Маған дұға қылып жалбарынуыңды жəне үміт артуыңды тоқтатпайынша , қандай күнə жасағаныңа мəн берместен , Мен сені кешіре беремін" (Ахмад).

Өзгелердің жаңалығы