Әділет министрі «көлеңкелі үкімет» құру бастамасына қатысты пікір айтты

22 Қаңтар 2021, 13:09
1964
Бөлісу:
Әділет министрі «көлеңкелі үкімет» құру бастамасына қатысты пікір айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысы аясында өткен брифингте айтты.

«Көлеңкелі үкімет» термині алғаш рет Ұлыбританияда пайда болды. Өздеріңіз білетіндей, ұлыбританиялық саяси жүйеде екі негізгі партия бар. Әртүрлі уақытта олардың біреуі билікке келеді. Мысалы, Үкімет либералистер атынан құрылса, оған дейін консерваторлар партиясынан жасақталады. Консерваторлар партиясы отставкаға кеткенде де партия ретінде жұмыс істей береді. Олар өздерін «көлеңкелі үкімет» деп есептейді, - деді Бекетаев. 

Бекетаев айтқандай, Ұлыбританияда «көлеңкелі үкімет» құру бойынша ешқандай заң мен тәртіп жоқ. 

Әртүрлі елде осыған ұқсас мысалдар бар. Белгілі партия өкілдері өздерін «көлеңкелі үкімет» деп атап, өз саласында қызмет етеді. Егер Қазақстандағы партиялардың бірі осындай тәжірибені бастаса, оны қарастырып, қалай жүзеге асыратынын байқау керек. Қазір партия мүшелері қоғамның қызығушылығына қарай осы сынды сұрақтарды көтереді, - деді ол. 

Министр айтқандай, министрлік нормалардың қалыптасуы мен заң жобаларының Парламентке жіберілуіне жауап береді. 

Біз заң жобасы аясында қосымша кезеңді енгізуді ұсындық. Бұл заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеуге жауап береді. Біз әзірлеуші органның қарапайым, түсінікті форматта «осы салада бар проблемаларды жіктеп, оларды шешу үшін осындай шаралар қабылдау керек» деп айтатын құжат дайындағанын ұсындық. Оны жариялау керек. Ол құжатты барлығы талқылап болған соң, олардың негізінде заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейміз. Біз құзырлы орган ретінде ондай жұмысты бастадық, - деді ол. 

Айта кетейік, экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаев Қазақстанда «көлеңкелі үкімет» құруды ұсынған еді.


Өзгелердің жаңалығы