Adidas, Nike және Reebok белгілерін заңсыз пайдаланғандар ұсталды

25 Мамыр 2020, 10:26
1148
Бөлісу:
Adidas, Nike және Reebok белгілерін заңсыз пайдаланғандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Adidas", "Nike" және "Reebok" тауарлық белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін анықтады.    

1982 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы жалған спорт аяқ киімдерін қолдан жасаған, сол арқылы "Аdidas AG" (Германия) және "Аdidas International Marketing BV" (Нидерланды) компанияларына 19 млн теңге сомасында залал келтірген.  

Тінту барысында қоймада танымал компаниялардың түпнұсқалық үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі анықталып, тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 222-б. 1-б. бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы